«ҚР халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда № 551-556 (27629) «Егемен Қазақстан» газетіндежарияланған) мынадайөзгерістеренгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларында:

4 –тармақтың  3) тармақшасы мынадайредакциядажазылсын:

«3) оныңнегізіндекөміртегібірліктерімен мәмілелер бойынша операциялар жүзеге асырылатынкөміртегібірліктерімемлекеттіктізілімініңболуы;»;

5 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5.  Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін тануға қатыстыталаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерімен екі жақты немесе көп жақты шарттарды жасасу арқылы жүзеге асырылады.»;

6-тармақ алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

міндетін атқарушы                                               М. Мырзағалиев

 

Жүктеу (573 Кб)

Хабарландыру
Top