Сұрақ - Жауап

Бұл бөлімде ҚР Энергетика министрлігінің қызметіне қатысты өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоюыңызға болады!

Негізгі сөздер: Вопрос-Ответ

Comments (6)

  1. Нұржан 27 june 2017, 18:12 # 0
    Сәлеметсіздер ме! елді мекендерде дозиметриялық өлшемдер жүргізу үшін лицензия алу үшін қандай құжаттар тізімін даярлау қажеттігін және лицензияға тапсыруға қандай жүйемен рәсімдейміз. РАХМЕТ
    1. Ермек Махмут 10 april 2017, 16:47 # 0
      сәлеметсіздерме мен авто утилизация жөнінде еді. Жүк машинасын кабылдау кашан басталатыны туралы. жауаптарыңыз үшін алдын ала рахмет.
      1. Акылбекова Гульназ Куанышбековна 09 february 2017, 09:03 # 0
        Сәлеметсіздер ме! «Ұнтақтағыш іріктеу қондырғысы» (ДСУ), объект согылган жумыс истеп тур. Бириншиден; экспертизадан оту керек пе? Проект ООС жасау керек пе?
        Бар документтери; протокол легализации, решение легализации, гос.акт, техпаспорт, договор купля продаж, постановление акима, АПЗ. Осы документтер аркылы Департамент экологияга проект ПДВ ретинде тапсыруга болады ма?
        1. ҚР Энергетика министрлігі 08 june 2017, 16:40 # 0
          Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 36-бабының 1-тармағына сәйкес, қоршаған ортаға әсердi бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
          Сонымен қатар, 28-бабының 1-тармағына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді, демек шектеулі рауалы шығарындылар жобасы (ШРШ), шектеулі рауалы төгінділер (ШРТ), қалдықтарды орналастыру нормативтері (ҚОН) жобалары.
          Осыған байланысты, қарастырылатын объектіге жеке құжаттар түрінде жобаларды жасап, аумақтық экология департаментіне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін тапсыруыңызға болады.
        2. Myrzaly Zhandos 02 february 2017, 04:23 # 0
          Еліміздің энергияны тиімді пайдалануда алға қойған басты мақсаты қандай? Толық баламалы энергия көздеріне көшуіміз мүмкін бе? Халыққа айтатын кеңестеріңіз бар ма?
          1. ҚР Энергетика министрлігі 14 june 2017, 15:05 # 0
            Қазіргі уақытта Қазақстан ауқымды өзгерістер қарсаңында тұр. Диверсификация және экономиканың бәсекеге жарамдылығын арттыру арқылы оның тұрақты және теңдестірілген өсуін қамтамасыз етуіне бағытталған экономиканың және қазақстандық қоғамның жаңғырту катализаторларының негізгісінің бірі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша бекітілген Тұжырымдамасы болып табылады.
            Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу бойынша бекітілген Тұжырымдамасына және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына сәйкес жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК ) нысаналы индикаторлар 2020 жылы электр энергиясын өндіру жалпы көлемінде 3%, ал 2030 жылы 10%-ға жетуі тиіс деген көрсеткіштер қарастырылған.
          Хабарландыру
          Top