Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің 2015 жылдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебі

1.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1)

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті және оның аумақтық бөлімшелері

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Барлығы: 13

1. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру;

2. Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру;

3. Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру;

4. Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру;

5. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру;

6. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру;

7. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу;

8. I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;

9. I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;

10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру;

11. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру;

12. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру;

13. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта рәсімдеу.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

- жоқ

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

10 - тегінжәне 3 ақылы негізде.

 

Тегін:

1. Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар;

2. Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру;

3. Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру;

4. Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру;

5. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру;

6. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу;

7. I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;

8. I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;

9. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру;

10. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта рәсімдеу.

Ақылы:

1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру;

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру;

3. Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

13 электрондық нысанда

 

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

1). Мұнай және газ саласында:

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен Комитет көрсететін мұнай және газ саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары бекітілді.

Бұдан басқа, аталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығымен мемлекеттік қызметтерінің барлық регламенттері бекітілді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде №11604 тіркелді.

2). Қоршаған ортаны қорғау саласында:

Мемлекеттік қызметтерді  сапалы көрсету  мақсатында  «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы Комитет көрсететін барлық мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген.

Бұдан басқа, «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығы қабылданды.

3)

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтер талап етіледі

2.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414.

Мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі  Министрліктің www.energo.gov.kz сайтында орналастырылған, сонымен қатар сайтта орталық мемлекеттік органдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер стандарттары  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

1). Мұнай және газ саласында:       

2014 жылдың 4 қазан - 4 қараша аралығында мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау жүргізілді

2). Қоршаған ортаны қорғау саласында:

2015 жылдың 10 сәуіріндегі №31-03-372 шығыс хатпен Комитет ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет департаментіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының  жобаларының жария талқылауының аяқталуы туралы есепті жолдады.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мұнай және газ саласында:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында, Комитетпен Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына жеке кәсіпкерлер субъектілерінің өкілдері кіреді: «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

2015 жылы Комитетпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің 1 отырысы өткізілді.

3.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Қоршаған ортаны қорғау саласында:

1. «І санаттағы  объектілер үшін  экологиялық рұқсаттарды беру» және «І санаттағы  объектілер үшін   мемлекеттік экологиялық сараптама  қорытындысын беру»  мемлекеттік қызметтері    2013 жылдың екінші жартысынан  бастап «Е-лицензиялау» МДҚ  ақпараттық жүйесінде  автоматтандырылған.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап  аталған  қызметтер  электронды форматта  көрсетіледі.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша қызметті лицензиялауға қатысты:

«Е-лицензиялау» МДҚ Ақпараттық жүйесінде 2012 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап осы қызмет 100% автоматтандырылды.

Бұан басқа, осы қызмет баламалы негізде 2013 жылдан бастап ХҚО-да көрсетіледі.

Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беруге қатысты:

Е-лицензиялау» МДҚ Ақпараттық жүйесінде 2012 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап осы қызмет автоматтандырылған, 2013 жылдан бастап осы қызмет баламалы негізде ХҚО-да көрсетіледі.

 «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету 2012 жылдың аяғында Е-лицензиялау» МДҚ Ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған және 2013 жылдан бастап баламалы негізде ХҚО-да көрсетіледі.

Мұнай және газ саласында:

1. Газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу тәртібі шығарылды.

Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысқан өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану кезінде ҚР Үкіметімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу, сонымен қатар ведомствоаралық комиссияны жүргізу  тәртіптері шығарылды.

2. Мұнай-газ саласы бойынша қызметті лицензиялау қызметі «Е-лицензиялау» МДҚ Ақпараттық жүйесінде 2013 жылдан бастап автоматтандырылды.

Бұдан басқа, осы қызмет баламалы негізде 2015 жылдан бастап ХҚКО-да көрсетіледі.

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу «Е-лицензиялау» МДҚ Ақпараттық жүйесінде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап осы қызмет автоматтандырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Қызметкерлер үнемі жоспарлы тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін жетілдіру курстарына қатысады.  Осылайша, 2015 жылы екі қызметкер мемлекеттік қызмет істері агенттігінде  біліктілігін жоғарылатудан өтті.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Заңнаманы өзгерткен сайын, және де құқықты қолдану тәжірибесін талдау барысында, Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мәселелері шығарылады.

Түрлі нормативтік-құқықтық актілердің қағидаларының арасындағы  қайшылықтарды, коллизияларды және олқылықтарды, қағидалардың қосарланушылығын,  декларативтік сипаттағы нормаларды анықтау мақсатында,  нормативтік-құқықтық актілерді мониторингілеу шеңберінде ай сайын қоданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіледі.

1. Қазақстан Республикасы  Энергетика  министрінің  2015 жылғы 20 ақпанда № 115 «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы әзірленді, 2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігінде №10903 тіркелген.

Қазақстан Республикасы  Энергетика  министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №100 «Мемлекеттік  экологиялық сараптаманы жүргізу ережелерін  бекіту туралы» бұйрығы әзірленді. 2015 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігінде №1102 тіркелген

2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығы әзірленді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10333 тіркелді. 2015 жылы 10 сәуірде күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережелерін бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 бұйрығы әзірленді, Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № №10065 тіркелді. 2015 жылы 13 ақпанда күшіне енді.

1987 жылдың қыркүйегінде қабылданған Монреал хаттамасы ережелері негiздерінің бiрі озон бұзатын заттарды тұтынуды реттеу болып табылады.

Осыған орай, жыл сайын озон бұзатын заттардың саны квотоланады және осыған сәйкес озон бұзатын заттарды  Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге лицензия беріледі.

3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің «Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы», 2014 жылғы 28 қазандағы №77 бұйрығы әзірленген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 9998  тіркелді. 2015 жылы 18 ақпанда күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығы әзірленді. Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № №10135 тіркелді.  2015 жылы 4 сәуірде күшіне енді.

4. «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу тәртібін шығарып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

«Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 131 бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрыққа сәйкес ҚР Үкіметімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу, сонымен қатар ведомствоаралық комиссияны жүргізу  тәртіптері белгіленді.

4.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есеп кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар тіркелмеді.

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Әр тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 5 дейін Комитет бекітілген нысанға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалығына ішкі бақылау жасау бойынша есеп жолдайды

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2015 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізбеді

4)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2015 жылы екі мемлекеттік қызмет бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді

5.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ОДАН ӘРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ САПАСЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН АРТТЫРУ

Тұрақты негізде кәсіпкерлік субъектілер ассоциацияларын тарта отырып жүргізілетін  Қоғамдық кеңестің жұмысы жалғасатын болады. Мұнда Комит көрсететін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі, сапасы туралы мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді түгелімен электрондық нысанда алуға құжаттарды тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Хабарландыру
Top