Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2015 жылдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебі

1.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1)

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

Барлығы: 18

Электр энергетика саласында:

1.  Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу;

2. Электр зертханаларын аккредиттеу;

3. Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру;

4. Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау;

5. Инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытынды беруі;

6. Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу;

7. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу;

8. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру;

Атом энергиясын пайдалану саласында:

1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру;

2. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

3. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

4. Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

6. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру;

7. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру;

8. Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;

9. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру;

10. Ядролық және радиоактивті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

- жоқ

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

8 - тегін және10 ақылы негізде.

Тегін:

1.  Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу;

2. Электр зертханаларын аккредиттеу;

3. Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру;

4. Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау;

5. Инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытынды беруі;

6. Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу;

7. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу;

8. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру;

Ақылы:

1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру;

2. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

3. Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

4. Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

6. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру;

7. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру;

8. Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру;

9. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру;

10. Ядролық және радиоактивті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

12 қағаз және (немесе) электрондық нысанда 6 электрондық нысанда

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

1). Электр энергетика саласында:

«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы Комитет көрсететін барлық мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген. Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны - 8

Бұдан басқа, аталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 болып тіркелді.

2). Атом энергиясын пайдалану саласында:

 «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен Комитет көрсететін мұнай және газ саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары бекітілді.

Бұдан басқа, «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11450 болып тіркелді

3)

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Электр энергетика саласында:

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру-2797;

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру 156;

Атом энергиясын пайдалану саласында:

Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру-841;

Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру-343;

Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру-268.

2.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызмет көрсетілету туралы тәртібі министрліктің www.energo.gov.kz және комитеттің интернет ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414 мүмкіндік бар.

Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобалары АҚ «Ұлттық ақпараттық орталығына» ашық талқылау үшін жолданған болатын. Жобаны орналастыру уақыты кезеңінде 524 рет қаралды.

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарт жобаларын ашық талқылау кезңінде ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарт жобалары министрліктің интернет ресурсында орналастырылған.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

2015 жылы Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларымен жарты жылда бір рет көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы және ашық көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді.

3.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Электр энергетика саласында:

Комитет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша оңтайландыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Осылайша, «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қажетті құжаттар тізбесі 8 құжаттан 7 құжатқа дейін қысқартылды. «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қажетті құжаттар тізбесі 7 құжаттан 6 құжатқа дейін қысқартылды.

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша паспортты алу шарттары нақтыланды және электр тораптық ұйымдар үшін паспортты алу шарттары 21 ден 18-ге қысқартылды.

Сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметтер 2013-2014 жылдары автоматтандырылды.

 

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Қызметкерлер үнемі жоспарлы тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін жетілдіру курстарына қатысады.  Осылайша, 2015 жылы үш қызметкер мемлекеттік қызмет істері агенттігінде  тиісінше сертификаттарды ала отырып, біліктілігін жоғарылатудан өтті

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер туралы Заңының талаптарын орындау мақсатында Заңның ерекшеліктерін есепке ала отырып Комитетпен 18 стандарт қайта бекітілді.

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрықтары әзірленді:

 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы Комитет көрсететін барлық мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11130 болып тіркелді.

«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 болып тіркелді.

2. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен Комитет көрсететін мұнай және газ саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық стандарттары бекітілді.

Бұдан басқа, «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11450 болып тіркелді.

Осылайша, «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметі бойынша жаңа стандарт күшіне енген нен бастап, 2015 жылдың шілде айынан бастап өтініштер тек электронды түрде электрондық үкімет веб порталы арқылы қабылданады.

 

4.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Есеп кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар тіркелмеді.

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Әр тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 5 дейін Комитет бекітілген нысанға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалығына ішкі бақылау жасау бойынша есеп жолдайды

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2015 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізбеді.

4)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2015 жылы мемлекеттік қызмет бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеді.

5.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ОДАН ӘРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ САПАСЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН АРТТЫРУ

Тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзбау сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою, халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қол жетімділігн арттыру, жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларды азайтуға  бағытталған жұмыстары жүргізіледі.

 

Хабарландыру
Top