Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ҚОҚ БАЖ)

ҚОҚ БАЖ (oos.energo.gov.kzМинистрліктің құрылымдық бөлімшелері арасындағы, сонымен қатар басқа ұйымдармен қажетті ақпаратпен алмасуды жеңілдету және халық пен қоғамдық ұйымдар үшін ашық экологиялық ақпарат пен қоршаған ортаны қорғау бойынша есептерінің қолжетімділігіне септігін тигізу үшін әзірленген. Жүйе Министрліктің орталық аппаратының, оның аймақтық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматтандыруға (ақпараттандыруға) бағытталған. 

ҚОҚ БАЖ негізгі мақсаттары:

  1. Ақпарат көздерінен алғашқы деректерді алу жне қабылданып жатқан басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін жедел есеп беруді құру есебінен табиғатты қорғау қызметінің жоспарлары мен іс-шараларын орындау бойынша басқару тиімділігін арттыру
  2. ақпарат көздерінннен келіп түсетін ақпараттың үнемі жаңартылуы, ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеуге кететін уақыттың қысқаруы есебінен қоршаған ортаның жағдайын шұғыл бақылаудың күшеюі.

Бағдарламалық жасақтаманы және ҚОҚ БАЖ қызмет етудің аппараттық құралдарын техникалық сүйемелдеуге ҚОҚ БАЖ жұмыс күйінде ұстап тұру, бағдарламалық жасақтамадағы техникалық ақаулықтарды және істен шығуды жою, Министрлік қызметкерлерін ҚОҚ БАЖ-ды пайдалану ережелерін үйрету, экологиялық шешімдерді, мемлекеттік экологиялық сараптамалар қорытындыларын, қауіпті қалдықтар төлқұжаттарын беру бойынша ақпаратты жинау және енгізу.

ҚОҚ БАЖ іске асыру мақсатында техникалық-экономикалық негіздеу (2004 жыл), техникалық міндет, техникалық жоба, жұмыс құжаттамасы, нұсқаулықтар (2008 жыл) әзірленді.

2009 жылдан бастап ҚОҚ БАЖ тәжірибелік пайдалануда.

ҚОҚ БАЖ пысықтау аясында келесі жұмыс түрлері жүргізілді:

- алдын ала тексеруді өткізу;

- электронды мұрағатты орнату;

- жаңғыртылған деректер құрылымын қалыптастыру;

- ҚР Әділет министрлігінің (ӘМ), ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің (ҚМ), «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграция; 

- ҚР ҚОҚМ пайдаланушыларын электронды мұрағатпен жұмыс істеуге үйрету;

- қағаз мұрағатты электронды нысанға ауыстыру;

- кепілдікті қолдау. 

Хабарландыру
Top