Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары (ТРМК)

Ресми ғаламтор ресурсы ecokadastr.kz/kk

Ресурстарды үнемдеуге бағыттарған табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі элементтерінің бірі Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары ақпараттық жүйесін пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары – Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының жағдайы туралы кеңістіктік-үйлестірілген деректерді жинақтайтын, жүйелейтін, сақтайтын өңдейтін және көрсететін автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып табылады. 

ТРМК пайдаланушыларға ақпараттық толымдаушылар мен қосымшаларға интеграцияланған қауіпсіз қол жеткізуді, сонымен қатар пайдаланушылының орналасқан жерінен тәуелсіз ұжымдық жұмыс үшін бірыңғайланған жұмыс кеңістігін ұсынады.

Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жыл 25 қыркүйектегі №1449 «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасының Табиғат объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» қаулысына, сонымен қатар Экологиялық кодекстің 18 тарауына сәйкес құрылды.    

2005 жылдан бастап «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-аналитикалық орталығы» РМК автоматтандырылған ТРМК сүйемелдейді.

Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде ТРМК ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды (2010 жылғы 7 желтоқсандағы Бұйрық № 308-Ө). Оған Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі комитеттерінің мамандары кірді.  

Дерекқорда 2004-2011 жылдар аралығындағы барлық кадастрлық объектілер бойынша картографиялық материал бар. 

ТРМК құрамына келесі жүйешелер кіреді:

Орман қоры кадастры

орман шаруашылығын жүргізу және шаруашылық қызметін бағалауға қажетті, сонымен қатар орман қорының құқықтық тәртібі, оны иегерлеріне бөлу, орман қорының сандық және сапалық ахуалы жайлы мәліметтер жүйесі бар.

Жануарлар әлемі кадастры

аңшылықтың нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін мемлекеттік есепке алудың жүйеленген мәліметтері бар

Балық қорлары кадастры

Кәсіптік ихтиофаунаны, кәсіптік жануарлар түрлерін мемлекеттік есепке алудың жүйеленген мәліметтері бар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры

ҚР ЕҚТА қорғалатын түрлері мен қызметінің сандық көрсеткіштері, ЕҚТА жерлері, күйін мемлекеттік есепке алудың жүйеленген мәліметтері бар

Картографиялық деректер блогы

Жүйешелер дерекқорында жануарлар әлемінің 668 объектісі, орман қорының 198 объектісі, балық шаруашылығының 2651 объектісі және ЕҚТА 312 объектісі бойынша ақпарат бар. Картографиялық деректер блогында әр облысқа және жалпы Республикаға М 1: 1 000 000, М 1:200 000  сандық карталардың топографиялық негізі бар. 

ГКПР обеспечивает:

Қоршаған орта министрлігі Орталық аппаратына және ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жүйенің ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұсыну.

табиғат ресурстарының жағдайы туралы ақпараттың әділдігін және нақтылығын арттыру; 

басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін алынған ақпаратты жинауға және өңдеуге кететін уақытты қысқарту;

Қазақстан Республикасы табиғат ресурстарын есепке алу, заманауи бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланудың негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін стандарттау;

ақпараттық ресурстарға заңды шұғыл қол жеткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік статистикалық есепті автоматты қалыптастыру;

қағаз жұмыстан босатудың есебінен мамандардың өнімділігі мен еңбек ету сапасын арттыру;

мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі органдар арасындағы ақпарат алмасуды жеңілдету.

Жүйе қызметтері мыналар болып табылады:

ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу;

ақпаратты жинақтау мен сақтауды үйлестіру;

заманауи компьютер технологияларын пайдалану;

сандық картография;

стандарттарға базалану;

бірыңғай ақпараттық кеңістік;

ақпараттық ресурстарды басқару.

ТРМК жүйесін сүйемелдеу бойынша келесі іс-шаралар өткізіледі:

- «Жануарлар әлемі кадастры» ТРМК жүйешесін сүйемелдеу;

- «Балық қорлары кадастры» ТРМК жүйешесін сүйемелдеу;

- «Орман қоры кадастры»ТРМК жүйешесін сүйемелдеу;

- «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры» «ҚР ТРМК» АҚ жүйешесін сүйемелдеу;

- ТРМК бағдарламалық жасақтаманы техникалық сүйемелдеу;

- ТРМК жүйешесін пайдалану бойынша мамандарды оқыту.

 

Хабарландыру
Top