Газ өнеркәсібі

Газ саласын серпінді дамыту

2013 жылы республикада газ өндіру 42,3 млрд. текше метрді құрады (2012 ж. қарағанда 105,4%).

Тауарлық газды өндіру көлемі 22,8 млрд. текше метрді құрады, (2012 ж. қарағанда 105,1 %).

Республика облыстарының табиғи газды тұтыну көлемі 10,9 млрд. текше метрді құрады  (2012 ж. қарағанда103,8%).

2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Газпром» ААҚ, «Узбекнефтегаз» НХК және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ арасындағы Газдың қарсы жеткізілімдері туралы келісімге сәйкес газдың барлық импорты тең баға мен тең көлемдер бойынша Қарашығанақ экспортымен «свопталуда».

Республиканың газ экспортының көлемі 8,6 млрд. текше метрді құрады (2012 ж. қарағанда 101,7%). Республиканың аумағы арқылы 99,146 млрд. текше метр (102,7%) көлемінде газ транзиті жүзеге асырылды.

2,448 млн. тонна сұйытылған көмірсутегі газы (109 %) өндірілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 0,9 млрд. текше м. құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 93% құрады.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың жерасты газ қоймаларында табиғи газ қорының көлемі0,9 млрд. текше м. құрады.

Жамбыл облысындағы Амангелді газ кенорнын игеру жалғасуда. 2012 жылғы газ өндіру 321,8 млн. текше м. құрады.

Магистральдық және тарату газ құбырларының тарихи қалыптасқан жүйесіне сәйкес табиғи газ еліміздің 14 облысының 9-на жеткізіледі. Осыған байланысты Министрлік Қазақстан Республикасы облыстарының елді мекендерін газбен жабдықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударуда.

2013 жылы 024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ-тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 15,583 млрд. теңге бөлінді, 24 жоба бойынша құрылыс жүзеге асырылды, жалпы ұзындығы шамамен 600 км. газ құбыры салынды.

Елді мекенді газдандыру бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың өсу серпіні және республикалық бюджеттен бюджет қаражаттарының көлемі төмендегі кестеде келтірілген.

 

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Инвестициялық жобалардың саны

1

3

15

11

11

36

43

 

24

Бюджеттік қаражат,

млн.теңге

300

1 200

6 333

7 328

12 121

14 179

13 508

 

15 583

 

2.1.2-міндет. Газ экспортымен халықаралық транзиті

Ағымдағы жағдай

Еліміздің транзиттік және экспорттық мүмкіндігін арттыру мақсатында «Қазақстан –Қытай» газ құбырын құрылысының жобасы іске асырылуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан–Қытай газ құбырының бірінші учаскесінің екі желісі салынып пайдалануға берілді, бүгінде ҚХР-ға 70 млрд. текше метрден астам транзиттік газ тасымалданды.

Сондай-ақ, жылына қуаты 30 млрд. текше метр «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші учаскесін кеңейту мақсатында 2013 жылдың сәуірінде жылына қуаты 25 млрд. текше метр газ құбырының үшінші желісінің құрылысыбасталды, 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалану ынтымақтастығы туралы ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға тараптар 2011 жылғы 27 шілдеде қол қойылып, ол 2013 жылғы 3 шілдедегі ҚР Заңымен ратификацияланған.

Бұдан басқа, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағыты бойынша Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесіқұрылысының жобасы іске асыру сатысында тұр. Қазіргі уақытта газ құбыры 1 бөлігінің құрылысы аяқталды, 2013 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай Басшыларының қатысуымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының «Бозой-Шымкент» учаскесін газбен толтыру салтанатты рәсімі өтті.

2013 жылғы қазанының соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газқұбырының «Бозой-Шымкент» учаскесі іске қосу – баптау режимінде пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта осы газ құбырының газына баға құру мәселесі пысықталуда. Қытай тарапымен «Бейнеу-Бозой» газқұбыры учаскесін  қаржыландыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

«2014 жылға арналған «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісінің құрылысы, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегініңқұрылысы басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  қаулысының жобасы әзірленді және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында.

Мемлекет Басшысының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Астана қаласын қоса орталық Қазақстанды газдандыру үшін «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» газқұбырын жобалауды пысықтау тапсырылды (ҚР Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы, 41-тармақ).

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өз қорытындысында бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру жөнінде мемлекет жүргізіп отырған саясат жағдайында аталған жобаның шығыны көп әрі қымбат болып табылатынын және бүгінгі күні жобаны іске асырудың ерте екендігін атап өтті.

Аталған жобаны іске асыру көптеген факторларға, оның ішінде осы газқұбыры бойынша ықтимал газ жеткізуші ретінде ресей тарапының ұстанымына байланысты ҚР Премьер-Министрі С. Н. Ахметовтың басшылығымен Мұнай-газ және энергетикалық салаларды дамыту бойынша ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 19 сәуірдегі хаттамасының 2.2- тармағымен «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральды газқұбыры» жобасын іске асыруды 1 жылға тоқтата тұру тапсырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын жобалауды аяқтау тапсырылған (ҚР Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы, 40-тармақ).

Қазіргі уақытта аталған жоба бойынша ЖЭС әзірленді. Сонымен қатар, Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы, Қарашығанақтың 3-ші фазасын дамыту және РФ Орынбор ГӨЗ-не Қарашығанақ газын жеткізу  мәселелерінің өзара байланысты екенін ескере отырып, осы мәселелер бойынша ресей тарапымен келіссөздерді аяқтау қажет.

Мұнай-газ және энергетикалық салаларды дамыту бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 11 наурыздағы хаттамасының 3.3-тармағына сәйкес ресей тарапымен газ мәселесі жөніндегі мәселелерді шешуге келіссөздер жүргізу үшін  ү.ж. 12 шілдесінде жұмыс тобы құрылды.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген хаттамаға сәйкес РФ-мен келіссөз жүргізу бойынша біріккен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы мәселелерді шешудің түпкілікті мерзімі ресей тарапының ұстанымына байланысты және келіссөздер процессі жүргізу белгісіз уақыт алатынын атап өту қажет, қазіргі кезде РФ-ның айқын ұстанымы жоқ.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып 2013 жылғы 5 желтоқсанда Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 40 және 41-тармақтары бойынша Мемлекет басшысының атына баяндама жолданып аталған тармақтарды бақылаудан алуды және одан әрі жұмысты ҚР Үкіметі деңгейінде жалғастыру бойынша өтініш білдірілген. Жауап ретінде Мемлекет басшысының 2013 жылғы 14 желтоқсандағы  № 954-1 ПАБ «Келісемін. Бірақ ҚГӨЗ-ін әрі қарай пысықталсын» деген бұрыштамасы түскен болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 277  қаулысымен бекітілген 2012 жылғы 8 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде «Сарыбұлақ - Зимұнай» газ құбырын салынып және 2013 жылдың маусымында пайдалануға берілді. 2013 жылғы 8 қарашада алау жағу және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының алғашқы тұтынушыларына газ беру салтанатты рәсімі өткізілді.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Келісімді тиімді іске асыру мақсатында 2013 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды және қазіргі уақытта оның күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдер өткізілуде.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1280 қаулысымен бекітілген 2013 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйылту зауытын салу туралы Келісім шеңберінде табиғи газды сұйылту зауыты құрылысының жобасы пысықталуда.

2014 жылға міндеттер:

- «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Қазақстан-Қытай» газқұбыры құрылысы жобасын іске асыруды жалғастыру;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ – Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасын күшіне енгізу бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы табиғи газды сұйылту зауытын салу және пайдалану туралы Келісімін іске асыру мәселесін пысықтау;

- Ресей Федерациясымен Қарашығанақ ГӨЗ-ін салу бойынша келісссөз процесін жалғастыру; 

-«2014 жылға арналған «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу, «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметі қаулысының жобасын келісу және бекіту бойынша рәсімдерді аяқтау.

Хабарландыру
Top