Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары комиссияның отырысында қаралды

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің және Украина Өңірлік дамыту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Вице-премьер-министрі Г.Зубконың төрағалығымен Қазақстан-украина экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мемлекетаралық комиссияның 13-отырысы өтті. (Жұмысшы орган – ҚР Энергетика министрлігі)

Отырыс барысында Қазақстан мен Украина үкіметтерінің делегациялары екі елдің екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігінің одан әрі даму мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, экономика, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі  Бірлескен Мемлекетаралық комиссияның жұмысы нәтижесінде тиісті Хаттамаға қол қойылды.

ҚР мен Украинаның 2016 жылғы сауда айналымының көлемі 1 346,6 млн. АҚШ долл. ( 2015 ж. – 2, 004 млрд.) құрады. 2005-2016 жыл аралығында Украинадан тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 76,1 млн. АҚШ  долл. Құрады. Қазақстаннан Украинаға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 403,7 млн. АҚШ долл. құрады. Қазіргі таңда Қазақстанда украинаның қатысуымен 661 кәсіпорын жұмыс істейді.

Хабарландыру
Top