АЭФ шеңберінде «Болашақ энергиясы және әлемдік энергия жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті

2017 жылғы 16 маусымда Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың қатысуымен «Болашақ энергиясы және әлемдік энергия жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде энергия тиімділігін арттырумен, баламалы энергия көздерін пайдаланумен, электр қуатына жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз етумен, сондай-ақ төмен көмірсутекті, зияткерлік, көпшілікке қолжетімді энергияны жасаумен байланысты мәселелер талқыланды.

Қазақстанда жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған жаңартылатын энергетиканы дамыту бойынша мемлекеттік саясат белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және «Қазақстан-2050» стратегиясында анықталған Қазақстанның қолданыстағы стратегиялық мүдделеріне сай келеді.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) соңғы жылдар ішінде энергетикалық кешен дамуының басым векторларының бірі қарастырылады. Сарапшылық бағалау бойынша Қазақстанда ЖЭК-тің әлеуеті аса маңызды. Желдік энергетика әлеуеті шамамен жылына 920 млрд. кВт сағ. құрайды, іске асыруға техникалық мүмкін гидроәлеует 62 млрд. кВ сағ. бағаланады және күн энергиясы әлеуеті еліміздің оңтүстік аумағында жылына 2500-3000 күн сағатына жетеді.

2016 жыл ішіндегі ЖЭК өндірген электр энергиясының көлемі 0,9 млрд. кВт/сағ. Электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК-тің жалпы көлемі - 1%.

Елімізде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 50 кәсіпорын бар, жиынтық қуаты 295,7 МВт. құрайды.

Зерттеу нәтижелері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды арттыру стратегиясын қолдау, Қазақстандағы жалпы электр генерациясында ЖЭК-ті пайдалану үлесін 2050 жылға қарай 42%. Бұл ретте баламалы энергетиканың үлесі 52% құрайды.

Қазіргі уақытта ЖЭК секторының дамуына аукцион тетігін ендіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл тетік ЖЭК  саласындағы озық технологиялары бар айтарлықтай тиімді жобаларды таңдауға және іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда ЖЭК-ті сәтті дамыту мақсатында әлемдік озық және елімізде бар тәжірибелерді ескере отырып, 2013 жылдың шілде айында «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Заң жетілдірілді.

Қазақстан 2050 жылға дейінгі «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдаманы қабылдаған Орталық Азиядағы бірінші ел. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттарының бірі 2020 жылға қарай ЖІӨ-нің энергиялық жұмсалуын 25 пайызға төмендету және 2020 жыға қарай үлесі 3 пайызды құрайтын баламалы және жаңартылатын энергия көздерін еліміздің энергия теңгеріміне белсенді тарту болып табылады.

Хабарландыру
Top