ҚР Энергетика министрлігінің Енгізу штабы мұнай-газ кешенінде 11 бастама іске асыруды қарастырады

2017 жылғы 31 қаңтардағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде а.ж. 1 наурызында Енгізу штабы құрылды. Ол Экономиканың үшінші жаңғыруы экономикалық өсімінің жаңа моделі үшін бастамаларды әзірлеу және енгізумен айналысады.

Бастамалар энергетикалық саланың стратегиялық маңыздылығын сақтап қалуға және мұнай-газ кешенінің, соның ішінде геологиялық барлау саласының дамуына жаңа серпін қосуға мүмкіндік береді.

Бастамалардың іске асырылуы табысты болуы үшін басқарудың жобалық әдісі қолданылған. Бұл әдіс экономикадағы нәтижелі жетістіктерді жүзеге асыру үшін дамушы елдерде кеңінен қолданылады.

Жоспарлау кезеңінде 100 күн ішінде (а.ж. 1 наурызынан бастап) нақты ішкі және сыртқы сын-қатерлер айқындалды, енгізу үшін бастамалар әзірленді, жобалардың нысаналы индикаторлары, бастамалар тиімділігінің негізгі көрсеткіштері қойылды, қаржыландырудың мөлшері мен көздері белгіленді, енгізудің егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді.

Енгізу кезеңінде кейінгі 500 күн ішінде мұнай-газ кешенінде 11 бастаманы іске асыру көзделген.

2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн. тоннаға дейін, газ өндіру көлемін 77,3 млрд. текше метрге дейін арттыру жоспарлануда.

Мұнай өңдеудің жыл сайынғы көлемі экологиялық стандарттағы мұнай өнімдерін өндіру үшін шамамен 17 млн. тоннаны құрауы тиіс.

Бастамаларды сәтті іске асыру отын-энергетикалық кешенінің (мұнай-газ-химия, атом және уран салаларының бастамаларын қосқанда) ЖҚҚ (жалпы қосылған құн) өсімінің жылдық орташа қарқынының ағымдағы негізгі көрсеткіші 2,4 пайыз болған кезде 2025 жылға дейін 4,1 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы пысықталған бастамалардың әсері экономиканың жиынтық нысаналы өсуін ЖІӨ 5,5-6 пайыз деңгейіне жетуіне отын-энергетикалық кешенінің үлесі бойынша міндетін орындайды. Бұл 2050 жылға дейін Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына жетуге мүмкіндік береді.

 

 

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

Байланыс нөмірлері: 78-68-83,

78-69-97

 

 

Хабарландыру
Top