EXPO-2017 аясында «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» екінші Еуразиялық бизнес-форумы өтеді

GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» екінші Еуразиялық бизнес-форумы (бұдан әрі - Форум) 4-6 шілде аралығында «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында өтеді. Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық қауымдастығы, «ERBA» Еуропа-Ресей бизнес қауымдастығы және Бірлескен химиялық компаниясы.

Форумның мақсаты – қалдықтарды өңдеу және баламалық энергия көздерін пайдаланудағы негізгі аспектілері мен проблемаларын қозғайтын ТМД және ЕАЭО елдерінің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі мәселелерді  талқылау.

Форум бес пленарлық сессияны және екі дөңгелек үстелді қамтиды. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыруын арттыру, энергияның тұрақты көздерін дамыту мәселелері, қалдықтардың әртүрлі түрлерін жинау, сұрыптау және өңдеу үшін инновациялық технологияларды ендіру және қолдану бойынша практикалық мақсаттар және шешімдер, сондай-ақ қалдықтардан энергия алу бойынша жобалар талқыланатын болады.

Форумның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдарының, ТМД эәне ЕАЭО елдерінің, UNDP, UNEP, UNIDO, IIED, ISWA және т.б. секілді халықаралық ұйымдардың, Қазақстанның, Ресей Федерациясының, өзге де ТМД елдерінің, Еуропалық кеңесінің қалдықтарды басқару жөніндегі кәсіпорындары және өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ Еуропа және Азия сарапшылары қатысады.

Форум шеңберінде 6 шілдеде қатысушылар «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалайды.

Өткізу орны:

  • ·4 маусым (бірінші күн) - «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінің конференц-залы;
  • ·5 маусым (екінші күн) - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Конгресс-орталығы.

Форумға www.gewr.ru ресми сайты арқылы тіркелуге немесе Рысқұлова Айжанға жүгінуге болады (тел.: +7 727 255-87-78; +7 776-255-84-21, е-mail: kazwaste.org@gmail.com

Хабарландыру
Top