Өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырайды, бірақ ауа-райы ыстық болады

2017жылғы 15-17 маусымға арналған ауа-райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай, әлі де Қазақстанның көптеген облыстарында күтілуде. Бірақ ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан 3-5ºС жоғары, өйткені орныққан оңтүстік батыс тропосфералық ағындармен бірге Қазақстанға Иран аудандарынан өте жылы ауа келуде. Сондықтан қазірдің өзінде кей жерлерде болып жатқан +30... 38°C ауа температурасы, алдағы үш тәулікте, Еуропалық Ресейдің орталық бөлігінен ылғалды және салқын ауа келе бастаған батыс аумақтардан басқа, барлық жерде болады деп күтілуде.

Хабарландыру
Top