Жаңбыр мен найзағай және жылыну болады деп синоптиктер болжайды

2017 жылғы 13-15 маусымға арналған ауа-райы болжамы

Батыс Қазақстанның үстінде қалыптасқан циклондар, алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжитын болады. Алайда, осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа-райына әсер етеді, ал 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстары да осылардың ықпалына түседі. Осы аймақ тұрғындарын кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай және екпінді жел күтеді, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Осы жаңбырға қарамастан, қазақстандықтарды жылыну күтуде, кей жерлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды.

Хабарландыру
Top