Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2017 жылдың шілде айының 26-28 аралығында Астана қаласында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті  арттыру бойынша  басқарма 2017  жылдың шілде айының 26-28 аралығында Астана қаласында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік»тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда.

Басқарма семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды – соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық  кодексі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» (1500 астам құжаттары бар CD-диск) электронды тасымалдауыштағы құқықтық  база. 

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі куәліктер беріледі.

Өтінімдер www.pkk.iacoos.gov.kz Басқарма интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-48-13, 95-47-41, сот. 8 701 059 92 80 телефондары және pkkiac@mail.ru электронды мекенжайы арқылы Басқарма мамандарына хабарласуға болады.

Хабарландыру
Top