«Еуразиялық экономикалық одактың тауарлары болып табылатын озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді әкелу (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат құжат) беруге Реттеушілік әсерді талдауды қоғамдық талқылау

2017 жылғы 9 маусым                                                                    Астана қаласы

 

Қазақстан Монреаль хаттамасы бойынша халықаралық міндеммелерді орындау мақсатында 2020 жылға дейін озонду бұзатын заттарды тұтыну лимитін орнатты. ҚР экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган «озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау» құзыретімен үлестірілген. Аталған заңнамалық ереже қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнiмдердi Армения, Белаурсь, Қырғызстан және Ресей (Еуразиялық экономикалық одактың қазіргі мүше-мемлекеттері) аумағына орын ауыстыруды реттеу мүмкіндігін қарастырмайды.

2015 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды. Келісім шеңберінде уәкілетті орган орнатылған озонды бұзатын заттарды тұтыну лимитін сақтау мақсатында озонды бұзатын заттарды тұтыну есебін жүргізеді және Еуразиялық экономикалық одактың тауарлары болып табылатын озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді әкелу (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат құжат) береді. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына тұжырымдама шеңберінде Еуразиялық экономикалық одактың тауарлары болып табылатын озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді әкелу (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат құжат) беруге Реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) әзірленді.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды РӘТ-ті қоғамдық талқылауға қатысуға шағырамыз.

Аталған қоғамдық талқылауға қатысу мәселелері бойынша (7172)740259 телефоны бойынша, сонымен қатар ai.mamedalieva@energo.gov.kz. электрондық мекенжайы бойынша жүгінуіңізге болады. 

Хабарландыру
Top