Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2017 жылдың маусым айының 7-9 аралығында Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбында семинар өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті  арттыру бойынша  басқарма 2017  жылдың маусым айының 7-9 аралығында Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару»тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда.

Басқарма семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды – соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық  кодексі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» (1500 астам құжаттары бар CD-диск) электронды тасымалдауыштағы құқықтық  база. 

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі куәліктер беріледі.

Өтінімдер www.pkk.iacoos.gov.kz Басқарма интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-48-13, сот. 8 702 059 92 80 телефондары және pkkiac@mail.ru электронды мекенжайы арқылы Басқарма мамандарына хабарласуға болады.

Хабарландыру
Top