ҚР Энергетика министрінің халық алдында есеп беру кездесуі туралы

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі
Қ.А. Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.

         Есеп беру кездесуі 2017 жылғы 1 маусымда сағ.14-30-да мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды: 8(7172) 786862, 786884, немесе оларды zh.baktygali@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық мекенжайларына жіберуді сұраймыз.

Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында жұмыс істейтін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz

Хабарландыру
Top