Бизнес ортасының назарына!

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке қаржылық тетігі қамтамасыз қарастырылған.

Әлеуетті жеке әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын өз бетімен бастамашылық ете алады.

Энергетика министрлігі:

1) әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;

3) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;

4) жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу ұқсас негізгі міндеттерін шешу үшін отын-энергетикалық кешендегі,  сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бастамашылық ету және жылжытудағы белсенді ынтымақтастыққа шақырады

Министрлік республикалық масштабтағы әлеуетті мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобалары бойынша барлық ұсыныстарды қарауға дайын.

Өз идеяларыңызды, бастамаларыңыз ұсыныстарыңызды Министрліктің мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 78 69 38 телефонына немесе g.dyussyupova@energo.gov.kz электронды мекенжай арқылы хабарласа аласыз.

Хабарландыру
Top