Қызмет алушыларға ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет)  қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша рұқсат құжаттарын  беретін уәкілетті орган болып табылады.

Комитетпен қоршаған ортаны қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған және «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі –
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) арқылы ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес,  Комитеттің мемлекеттік қызметтері баламалы негізде қағаз және электронды нысанда көрсетіледі.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету қызмет алушылармен қатар Комитетке де тиімді екенін айта кеткен жөн.

Осылайша, лицензияланатын қызмет түрі бойынша өтініш берушілердің «Е-лизенциялау» АЖ МДҚ өтініш жіберген күні мемлекеттік органның өтінішті жұмысқа қабылдаған күні болып саналады. Өтінішке қатысты материалдардың толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес қызмет алушыға екі жұмыс күні ішінде өтініштен негізделген бас тарту жіберіледі. Қызмет алушы ескертулер мен жетіспейтін материалдарды толықтырып «Е-лиценциялау» АЖ МДҚ қайта өтініш беруге құқылы. Осылайша рұқсат құжаттарын алу үшін «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ жіберген өтініш және өтінім материалдары арқылы мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтің нәтижелерін тосу және өтінішті жіберу уақыты едәуір қысқарады және мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жеңілдетеді.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №38 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №181 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау методикасына сәйкес, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіші «Е-лицензиялау» арқылы қолданушылардың үлесі» болып саналады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігін жоғары бағалауға, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, олардың қызмет алушыларға ашықтығына жету мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Комитеттің іске асыруымен рұқсаттама рәсімдері «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

 «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ арқылы Комитет рұқсат құжаттарының келесі қызмет түрлерін беретіндігін ақпарат ретінде хабарлады:

 

Қызмет түрі

Құжаттарды беру әдісі

Қарастыру мерзімі

Жиі қайталанатын ескертулер

Құжаттарды электронды түрде беру басымдылықтары

1

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру

«Электрондық үкімет» веб-порталы

Өтінішті тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ағымында

Толық болмауы;

(ЖК) кәсәіпорынның осы қызмет түрі ушін рұқсат беретін талаптарға сәйкессіздігі туралы аумақтық экологиялық департаменттің қорытындысы.

Кез-келген уақытта порталдың қол жетімділігі;

 

Мемлекттік қызмет көрсетудің ашықтығы;

 

Әкімшілік кедергілерді төмендету.

2

Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру

«Электрондық үкімет» веб-порталы

Өтінішті тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ағымында

ОБЗ әкелуге квотаның жоқтығы

3

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру

«Электрондық үкімет» веб-порталы

Өтінімді тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ағымында

Толық болмауы;

(ЖК) кәсәіпорынның осы қызмет түрі ушін рұқсат беретін талаптарға сәйкессіздігі туралы аумақтық экологиялық департаменттің қорытындысы.

4

І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру

Қызмет беруші кеңсесі; «Электрондық үкімет» веб-порталы

Экогиялық кодекстің талабына сай  сол күннен бастап тіркелген өтінімнің толықтығын қарастырып  он бес күнтізбелік күн мерзімінен аспайтын, сонымен бірге өтінімді тіркеген күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қабылданған өтінімдер қарастырылады.

Қоршаған ортаға эмиссия рұқсатын алу үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 77 ст. сәйкес берілген ақпараттардың анық еместігі мен толық болмауы салдарынан,  сондай-ақ экологиялық заңнаманың талаптары мен нормативтік -құқықтық актке сәйкес келмеуі.

5

I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

Қызмет беруші кеңсесі; «Электрондық үкімет» веб-порталы

Бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құаттардың толықтылығы қарастырылады. Жүргізудің мерзімі

мемлекеттік экологиялық сараптама екі айдан аспауы керек.

Жүргізудің мерзімі

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикалық Экологиялық кодекске және басқа да нормативтік-құқықтық актілердегі талаптарға сәйкес келмеу.

 

Хабарландыру
Top